Өлеңдер ✍️

  09.05.2021
  285


Автор: Әбділда Тәжібаев

Сарамен кеңес

Көрмеймісің өзіңмен құрдас
Тайырды, Жас жігіттей шарқ, ұрған.
Сен секілді сапырмайды уайымды,
Жалақтап тұр «ант ұрған».
− Тайыр дейсің, бар емес пе Ғали да,
Азуын түгел алдырған.
Басын қарашы, тұзға малып алғандай,
Айнымайды Жамбылдан.

1955




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу