02.05.2021
  3824


Автор: Ыбырай Алтынсарин

Жамандыққа жақсылық

Қызылбас патшасының Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір күні уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: Дегенімізді істе, істемесеңіз өлтіреміз, — деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді. Бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп, тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп:


— Тақсыр, кеше сізді ренжітіп, сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, — деді.


Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: Менің кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен, — деп қорыққанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып, айтты дейді:


— Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым. Бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен. Сенің білместігіңді маған келіп айтты. Екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсің. Соны айтайын деп шақырып едім. Енді аман бол! — деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Әлім кісі
Әлім кісі 07.01.2026 23:47
Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген адам: — Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты. Әлім айтты: — Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді. Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты: — Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды - тасты, жел мен жаңбырды — осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетіссең, иманыңның жартысы тамам болғаны, —деді.
Айша
Айша 04.01.2026 22:44
Өте өте өте өте өте өте өте өте өте өте өте өте өте қызық қызық қызық қызық қызық қызық қызық қызық қызық әңгіме әңгіме әңгіме әңгіме әңгіме әңгіме әңгіме???

Пікір жазу