Өлеңдер ✍️

  19.04.2021
  280


Автор: Есхат Тәлетұлы

Күн!

Жаңа шыққан күннұры
Бастауы жаңа белестің,
Ойландымда қаламыммен кеңестім.
Аділдікті жақтау үшін жаралдым,
Ақыл менен жүрек ойы теңессін.

Көзді шаққан сәулесі
Шыдап қарай алмассың,
Қарамағын, оған кем боп қалмассың.
Өмір солай қарсы шығу жалтару,
Осылайша күресумен жалғассын.

Бауыр жазып
Көтерілді көкке өрлеп,
Көк аспанның жиегімен дөп келмек.
Өмір деген бір сұықта-бір жылы,
Біреу сүйіп екіншілер жек көрмек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу