Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.04.2021
164
Қарағай да қайғырып
Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Әлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға әлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
Өлімге өзін телиді.
Жаңа өспірім жас шілік,
Жер тұлғасы болады.
Бақытты тұрмыс — тіршілік
Бір кезде соған қонады.
Қарағай заман Ақ қайың Үн Дауыл Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter