Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  263


Автор: Ғабиден Қожахмет

Ұстаз - әлем

Еңбекпен келген еленді із,
Қалдырды соқпақ өткенің.
Ешқашан қалмас елеусіз,
Сен үшін қымбат - мектебің.

Ізгілік жолын жырлап ең,
Айналып уақыт сырласқа.
Шәкірттің көңілі - сырлы әлем,
Сенімі-дағы бір басқа.

Ұл-қызы бол деп еліңнің,
Ертеңі - сенсің, өркені.
Дедің де шәкірт-сенімнің
Құлатпай жүрдің желкенін.

Жаныңа серпін құяр ән,
Жыл сайын соны ұғасың.
Қанатын қағып ұядан
Армандар жайды құлашын.

Мақсатын сездің жүректің,
Дедің де сапар жалғансын.
Әр жылы ұшқан түлектің
Сағынышында сен барсың.

Жақсылық бойдан іздер ең,
Бұлақтың көзі аршылар,
Жүректер талмай іздеген
Ұлылық деген сен шығар!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу