Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  304


Автор: Ғабиден Қожахмет

Қыз-әлем

Түсіргендей бір сәуле түнге жарық,
Думан-нұрға қос жүрек бірге барып.
Махаббаттың шырағы маздады да,
Сала берді қыз-әлем гүлге оранып.

Жүрек-сырдан сезімнің ізде гүлін,
Шаттық әні естіліп бізге бүгін.
Жанарына бір жарқыл ілінді де,
Нұрландырды махаббат қыз көңілін.

Соның сазы оралып жыр тіліне,
Куә боп бақыт тұнған бір күніне.
Тез суынып, тез лаулар қыз-кеуденің
Шық тұрмасын ендігі кірпігіне.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу