Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  177


Автор: Ғабиден Қожахмет

Ару-болмыс

Сен біреуге басыңды име,
Олар саған иілсін.
Лайықсың жасын күйге,
Иілгенің-дүйім сын.
Бағбанын сен тосқан бақсың,
Махаббаттың жолы-ақ.
Сені біреу аспандатсын,
Аяласын қолына ап.
Нәзіктіктің күйінде сен,
Жүрекке әнің құйылсын.
Өзгелерге иілме сен,
Олар саған иілсін.
Біреулерде жатса да есеп,
Ісі оңынан келмесін.
Сен жайлы жұрт айтса да өсек,
Шын сүйген жан сенбесін.
Өзгелерге иілме дәл,
Арманға сол бастатпақ.
Сен тәкаппар күйіңде қал,
Қыс сезімің асқақтап.
Мейлі өмірді теңіз десін,
Болсын бірақ ел аман.
Шын махаббат сені іздесін,
Лайықсың сен оған!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу