Өлеңдер ✍️

  27.03.2021
  13663


Автор: Мұқағали Мақатаев

Қазақ жері

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі — балауса, балдырған,
Ал күзі — алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Адият
Адият 16.12.2025 15:51
Уууааааууу
Жақсыбек. Әсем
Жақсыбек. Әсем 14.12.2025 11:26
Бұл өлең. Өте керемет
Асем
Асем 02.11.2025 20:11
Өте керемет айтылған сөздері қиындау екен
Дайрбек жанерке
Өте көшті өлең:-)
Аккенже
Аккенже 08.06.2025 15:38
Коп коп рахмет
Аяулым
Аяулым 10.02.2025 11:02
Рвхмет
Серік Назерке
Серік Назерке 04.02.2025 18:40
Керемет маған катты ұнады ??

Пікір жазу