Өлеңдер ✍️

  20.08.2026
  145


Автор: Тоқташ Толғанай Бахадырқызы

Мұғалима

Болатын мұғалима бізде сырлы,
Күн дидарлы,ай қабақ бірде мұңды.
Мұншама ақ жүзіне мұң салған кім?!
Бір күні, жылап кірді...


 


Еңіреді. Баладай төгіп жасты,
Тапталған. Таба болған көңіл қатты.
Балаларды басшыдай баптағанмен,
Басшылығы баладай сөгіп сапты...


 


Күлім көзін жас жуып, құба талдай,
Жел шайқаған. Көрші апай жұбата алмай.
Біз отырмыз. Ләм деспей. Май ішкендей,
Басшылықты қақ бастан ұра да алмай.


 


Содан бері сан рет таң нұрланды,
Алтын ұя ұшырды сан-мыңдарды.
Мұғалима көзінің тұнығында,
Қылау-мұң мәңгі қалды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу