Өлеңдер ✍️

  08.08.2026
  133


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

ЖАРЫҚ КҮН!

 


Бар ма айтарың,
менен болса анық мін!?
Оң мен солды әрең енді таныппын.
Басқа берген тағдыр атты жазмышты,
Алдын ала білді дейсің танып кім?


Жарық күн!
Тыныштықпен өтсін әрбір ғаріп түн!
Бұл ғұмырға енді ғана қанықпын.
Сүріп келіп,көшінде өмір,осынау,
Жаманмен де жақсымен де жолықтым.


Жарық күн!
Жалт етесің,жан-жағыма қаратпай,
Қалқып барам, көкте кейде қанаттай.
Табалатып табан асты құзғынға,
Қоймайсың-ау, бірде бізді талатпай!


Жарық күн!
Көзімде-Күн,жүрегімде көктем бар,
Қимастық па,қайта оралам өткенге әр?
Жаным барда сөндірмесін білемін,
Сөзімде-сыр,жанарымда от пен нәр.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу