Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2026
75
Өткенде
Өзімді көрсетуге асық едім,
Ол кезде мен бір бала жасық едім.
Бағалап әрбір өткен уақытымды
Алапат жанартаудай тасып едім.
Дарын едім ол кезде ғашық едім,
Ғашық едім деймін ғой жасық едім.
Зат айтуға иіо көнбей мың бұралып
Өлеңдермен сырларын ашып едім.
Ғажап едім ол кезде ашық едім,
Ашық едім деймін ғой жасық едім.
Арманым асқақ еді сол бір сәтте
Сол жылы надандықтан қашып едім.
Не бір жаннан бәйгеде асып едім,
Қаншаның қанжығасын басып едім.
Дүлділ едім себебі сол бір кезде
Машық едім, өлеңге ғашық едім.
Шортанды, 2023 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇