Өлеңдер ✍️
ОЙ ИІРІМі...
Жүрегім неге бүгін де тағы бұлқынды,
Жіберіп қолдан жатамыз әрбір мүмкінді.
Еріксіз мені есейте келе, білдірмей,
Бұл жалған кейде барардай ұрлап күлкімді.
Жасап ап тағдыр, сіңдіріп бізге бейнесін,
Жасырып әлде бара ма айтпай кейде ізін?
Бақытты әркім болуға әбден хақылы -
Адам боп туып, өмірге солай келгесін.
Арайы аппақ таңменен бірге ояндым,
Өзіңнен өрбіп, өзіңе қарап бой алдым.
Сейілу үшін, ада боп мұңнан арылып,
Шындығым қалып, өзгеріп мен де бояндым.
Таспа боп өмір жазылып жатты санама,
Өткеннің көшін түсіріп еске сала ма?
Есіріп кетіп, өшіре алмай тұрғаным -
Ұмытам бәрін, өткенім енді садаға.
Көңілді демдеп, іздедім көктен, жерден де,
Шабытым толқып, санама келіп енгенде.
Үн қатып жырым, күбірлеп кейде жүрекпен,
Ырқына көнбей сөйлейді тілсіз кеудемде.
Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇