Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  63


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

КЕШІРМЕЙДІ ӨМІР...

 


Кешірмейді бұл өмір — қателікті,
Сан түзетіп, алдына әкел тіпті.
Орны толмас өкініш таңбаланса,
Үйренесің бел буып бекемдікті.


Кешірмейді бұл жалған — сатқындықты,
Табу қиын көңілін жаттың тіпті.
Әсері де болмас-ау талпынғанмен,
Жібіте алмас, қатсаң да тәтті үн тіпті.


Оралмайды уақытың қайта артқа,
Өткеніңді бермейді қайтарып та.
Арбауына шырмалып жүргеніңде,
Қаламыз-ау бір күні қартайып та...


Жүре келе, жыл өтіп, ес білесің,
Үлгермес-ау жиып та ешкім есін.
Жасың келіп, егделік таянғанда,
Алданышын ғұмырдың кеш іілесің!


Кеш білесің!


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу