Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.07.2026
22
БІР СӘТТІК ОЙ
Байлағанда аппақ таң ақ боз атын,
Кетіп міне үлгерді маңғаз түн.
Көтерілсе көгінде Күннің көзі,
Сәулелері жарысып таңда озатын.
Жарық сыйлап шуақ боп жарқырады,
Үзілердей тұрды ой жапырағы.
Сан қатпары өмірдің өлең болып,
Жасырулы жүректе жатыр әлі.
Қазбауыр бұлт қаз-қатар тізіледі,
Көшсе дағы қимастық сезіледі.
Мамыққа ұқсап барады ақша бұлттар,
Әз анамның мейірім жүзіндегі.
Жайқалғаны ғаламда ғажап бағым,
Көз алдымда құлпырды жасап бәрін.
Жасырғанмен санадан шерімді мен,
Келмейді екен жанымды азаптағым.
Сабылды ма болмашы ой ұшып көкке?
Тұңғиыққа жүріппін түсіп текке.
Келіп алып таңменен мүсіркеді,
Құшақ жая төсіне құшып көктем.
Авторы:Гүлзия Тәжіханқызы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇