Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.07.2026
40
Гүлді үзіп аламын
Гүлді үзіп алам
Сенің сол біреуге ұрынғаның,
Түсінбегенсің бе құның барын?
Мен сені ерте кездестірмегенім,
Қиын, жаным.
Бақыт сезесің бе бұрынғыдай?
Аузыңа алып ап шылымды ұдай.
Тым биік мақсатпен төменге жол тарттың,
Бұның қалай?
Менің ойларым болса да мәлім,
Қалайық екеуміз оңаша, жаным.
Уайымға толы өміріңде мен,
Жол аша аламын
Көзіңе бір адам қарамады отпен,
Сүйекке күндердің қара дағы өткен.
Жол тарттың үйіңе, ауылға
Қаладағы отпен.
Қараңғы күніңнің жұлдызы болам,
Орнатпай көңліңе күнде ызың, боран.
Жауапсыз бағбанның бағынан
Гүлді үзіп алам.
© Алмат Самат
Сенің сол біреуге ұрынғаның,
Түсінбегенсің бе құның барын?
Мен сені ерте кездестірмегенім,
Қиын, жаным.
Бақыт сезесің бе бұрынғыдай?
Аузыңа алып ап шылымды ұдай.
Тым биік мақсатпен төменге жол тарттың,
Бұның қалай?
Менің ойларым болса да мәлім,
Қалайық екеуміз оңаша, жаным.
Уайымға толы өміріңде мен,
Жол аша аламын
Көзіңе бір адам қарамады отпен,
Сүйекке күндердің қара дағы өткен.
Жол тарттың үйіңе, ауылға
Қаладағы отпен.
Қараңғы күніңнің жұлдызы болам,
Орнатпай көңліңе күнде ызың, боран.
Жауапсыз бағбанның бағынан
Гүлді үзіп алам.
© Алмат Самат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇