Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2026
26
Шын ғашықтар бірін-бірі, Жұмақта да, тауыпты - рас!
Тыңда!
Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
..Көздеріңнен,
Жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
..Рухани бай - саф алтынд-а-ай,
Біл қарындас,
Түсін, бала!
Жан іздеме,
Көңілдікке,
Жар іздегін,
Өмірлікке,
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажетті жоқ, оның тіптен...
Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
.. Иманда да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә...
Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға -
Мүл-дем!!!
Қарамайтын.
***
Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас.
(..Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!)
Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇