Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.07.2026
15
Жалғыздық
Жалғыз жандай сапардағы,
Жалғыз талдай жапандағы.
Жалғыздықты сезінгенде,
Жүрегіңе батар тағы.
Жалғанның да қатал заңы,
Жалғыздықтың атар таңы.
Жанарыңнан жас шығарар,
Жаныңды жеп жатар дағы.
Жалғыз үйдей жырақтағы,
Жалғыз гүлдей қыр жақтағы.
Жалғыз ғана өткізбегін,
Жылжыған бұл күн, аптаны.
Жалғыздығы түйрегесін,
Жалғыздыққа үйренесің.
Жалғыздығың жарға қарай,
Жеңнен ұстап, сүйремесін!
Жалғыз жандай сапардағы,
Жалғыз талдай жапандағы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇