Эсселер ✍️
Интроверт болу кемшілік пе?
Қазіргі қоғамда интроверт болу жиі дұрыс түсінілмей, кей адамдар оны кемшілік ретінде қабылдайды. Мысалы, мектептегі тыныш, көп сөйлей бермейтін, жалғыздықты ұнататын баланы кейде басқалар біртүрлі немесе «тихоня» деп қабылдап жатады.
Бірақ шын мәнінде интроверт болу кемшілік емес. Бұл тек адамның мінез ерекшелігі. Интроверт адамдар көбіне тыныштықты жақсы көреді, өз ойларымен жалғыз қалғанда энергия жинайды және кез келген жағдайды терең ойлап қабылдайды. Олар көп сөйлегеннен гөрі тыңдауды және бақылауды жөн көреді. Қазіргі қоғамда көбіне ашық, көп сөйлейтін адамдарды белсенді, көшбасшы немесе жақсы адам ретінде қабылдайды. Ал тыныш мінезді адамдарды кейде дұрыс түсінбей, оларды ұялшақ, сенімсіз немесе әлсіз деп ойлап жатады. Бірақ бұл тек сыртқы көрініске қарап жасалған қате пікір. Шын мәнінде интроверт адамдардың да қабілеті өте жоғары болуы мүмкін. Олар жауапкершілігі мол, ойы терең, креативті және байқағыш келеді. Кейбіреуі өз ойын сөзбен емес, іс-әрекетпен жақсы көрсетеді. Сондықтан олардың үнсіздігі әлсіздік емес, керісінше ойлылық пен сабырлылықтың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар әр адамның энергия алатын ортасы әртүрлі. Интроверт адамдар көпшілік арасында тез шаршаса, жалғыз қалғанда өз-өзін қалпына келтіреді. Бұл да адамның табиғи ерекшелігі.
Интроверт болу кемшілік емес. Бұл адамның жеке мінез-құлқының бір түрі ғана. Ең маңыздысы өзіңді басқалармен салыстыру емес, өз ерекшелігіңді қабылдау. Қоғамда әртүрлі мінезді адамдардың болуы қалыпты жағдай және сол әртүрлілік өмірді қызығырақ етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇