Өлеңдер ✍️
АҚ ЖАҢБЫР
Түсінбейтін жан емессің сөзге де,
Түсе алмайтын жан емессің көзге де.
Өзіңе ауған аңсары ма көңілдің,
Жүрек толқып бордай болып езілдім...
Шіркін көңіл,
Шіркін көңіл -
Ақ жаңбыр,
Жауып жатқан аспаннан.
Жып-жылы өмір,
Жып-жылы өмір,
Сағыныштан басталған!
А-хау керім,
Қыпша белің,
Естен мені тандырған,
Көзің қандай,
Жемің балдай,
Өзегінің жандырған.
Күрсіністің кешіп тұрып өзенін,
Сонан соң-ақ, сыздады-ау бір өзегім...
Сағынышпен атты талай таңдарым,
Аспан жақтың санамақтап шамдарын.
Жарлы армандай аңсарына асыққан,
Күннен күнге бара жатыр тасып қан.
Мәжнүн тал тұр шашын тарап үңіліп,
Суға түскен көлеңкемнен түңіліп.
Бастың іші былқыған ой-қорғасын,
Сыя алмай жүр тағдыр атты торға шын...
Қайран сезім, жаулап барлық еркін мұң,
Таптырмай-ақ қойды емін дертімнің.
Дүниенің көре тұра кеңдігін,
Кеудесінен жұлып тастап шер жүгін.
Хафиз ақын өлер еді ендігі,
Бірақ, бірақ, білмейсің-ау сен мұны!
Оралбек 'Бек
19.07.2021 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇