Өлеңдер ✍️

  19.06.2026
  118


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Сенің туған күнің

 


Атқан таңым арайланған,


Бүгін ерекше бір ғажап  күн.


Жылға жылдар жалғанып тағы,


Жарқырайды шаттыққа толы күнім.


 


Гүлге толы ақ тілектер,


Жүректерден жетсін саған.


Бақыт құсы қонсын мәңгі,


Қуанышқа толсын ғалам.


        Қайыр-сы


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


Шаттық толсын жүрекке,


Нұрға толсын күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


           


Биіктерден көрін әркез.


Өмір жолың болсын жарқын.


Бақ пен бақыт серік болып,


Армандарын орындалсын.


        Қайыр-сы


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


Шаттық толсын жүрекке,


Нұрға толсын күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


 


Туған күн – мейірімге толы күн,


Туған күн – махаббатқа толы күн.


Күнтізбеде  дараланған сол күнді,


Жылда асыға күтеміз біз бұл күнді.


        Қайыр-сы


Сенің, сенің, сенің, 2- рет


Бүгін туған күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


Шаттық толсын жүрекке,


Нұрға толсын күнің.


Сенің, сенің, сенің,


Бүгін туған күнің.


 


Сөзін жазған Айтбек Рымбекұлы, Астана қ. 17маусым 2026ж.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу