Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.06.2026
18
Хабар күтіп жүрмін...
Түгіндей боп үкінің үлпілдеген,
Еліттің-ау сүйкімді күлкіңменен?
Қалды әуенім қабыспай домбырама,
Бұл күйімнің ашайын құлпын немен?..
Сүйген кісі, қашаннан, ерек пенде,
Ақ қайыңмен, сырласқан терекпен де.
Гүл болсамшы онан да кірпіктерін,
Қағып қалар жанымнан сен өткенде.
Уақыт шіркін, жаныққан, тоқтамайды,
Қапелімде құйдың-ау отқа майды.
Жүрек кетті табаға шыжғырылып,
Түсірейін қалай бұл хатқа жайды...
Бәлкім сен де мұңданып бал аштың да,
Құстарменен көктегі санастың ба?
Хабар күтіп хатымнан жүргенім-ай,
Бірге кеткен қаздардың қанатында.
Оралбек Бек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇