15.06.2026
  44


Автор: Оралбек Бек

АШҚАРАҚ ЖЫЛАН

 


Осы тұста есіме түскен бір оқиғаны айта кетейін:
Жабайының аты бәрібір жабайы! Кейде баланың қылығын жасайды. Десе де, бұл жабайы адамның маған жамандық жасамайтынына менің сенімді болатынымдай жағдай да бар еді. Алғашқы күндері ғой, түнгі демалыста жатқанмын. Ай жап-жарық. Дәл жанымнан бірдеме зу ете қалды. Қарғып тұрдым. Қарасам жолсөмкем жоқ. Қар үстіне түсіп қалған ізді көрдім. Автоматымды қолымнан тастамаушы едім. Дереу іздің соңына түстім. Көп ұзаған жоқ әлгі із таудан тіке түсіп кетіпті. Ар жағы терең құз. Қорқынышты. Із құстың ізіне ұқсамайды. Бұл қалай болғаны дедім де таңның атуын күттім. Таң да атты. Мен ыңғайлы жер тауып таудың етегіне жылжыдым. Ізді табу қиын болған жоқ. Із адамның ізі сияқты, бірақ, таңқаларлықтай өте үлкен. Ізді қуалап жүріп бір үңгірге тап болдым. Үңгір терең емес екен. Үңгірдің кіре берісінде, үсті басының бәрін түк басқан, алаңсыз дем алып жатқан жабайы адамды көрдім. Жанында менің былғары сөмкем. Не де болса үркітіп көрейін деп мен атуға дайындалдым. Автоматымның ұңғысын бағыттап көздеп жатырмын. Бір уақытта байқап қалдым, жабайы адамның дәл төбесінен алып бір жылан, білектей айыр тілін сумаңдатып салбырап келеді екен. Ойлануға уақыт жоқ еді, жыланның басын дәлдеп, шүріппені басып қалдым. Тарс еткен дауыстан үңгірдің алдына қар сау ете қалды. Жүгіріп бардым. Үңгірдің қарын сыпырып тастап ішіне кірдім. Қарасам, ашқарақ жыланның басы быт-шыт, өзі төңкеріліп қалыпты, сөмкем орнында, жабайы адам жоқ. Үңгірден қалай шығып кетк


ен. Мен аң-таң қалдым. Сасқан үйректің артымен сүңгитіні рас. Маған, жабайы адамды жылан жұтып үлгерген ғой деген ой келді де дереу қол сөмкемдегі қанжарымды алып, аткөпір болып төңкеріліп жатқан жыланның қарнын осқылайын келіп... Жыланды бастан аяқ тіліп шықтым, қан деген аткөпір... Қазысы қарыс келетін қыстық соғым да мұндай болмас. Жыланның ішінен жабайы адам табылмады, есесіне өзім қанға белден шомылдым. Бәрін тастап үңгірден далаға шықтым да, өз жолыма түстім. Кешке дейін тоқтамай жүрдім. Үстімдегі қан қатқан киімдерім сақырлай бастады. Әлдеқашан түн болып кетті. Алдымнан кішірек бір өзенше шықты. Ай жарық. Не де болса осы жерде жуынып, киімдерімді шайып тазалап алайын деп суға түстім. Өзеншенің арғы жағасындағы жыңғылдың арасынан жап-жасыл екі нүктені байқадым. Бірде бар бірде жоқ болып тұрды. Бірақ, оның не екенін түсінбедім. Қаруымды иығыма іліп алдым да, шайылған киімдерімді сілкілеп кептірдім. Таңға жуық қайтадан өз жолыма бет алдым. Әлі жап-жасыл екі нүкте ойымнан кетпеді. Сараптай келе тапқаным - жоғалған жабайы адамның көзі шығар, соңымда жүрген дедім. Басқа аң болса шабуыл жасар еді ғой деп түйдім. Бұл шындығында солай болды. Оны таңертең қасымнан пайда болған басы жұлынған қырғауыл да растады. Жалғыз жолсерігімнің тірі екендігіне қуандым.


Тау арасындағы қазақтарға бір күн қонақ болып, ертеңіне өз жолыммен кеттім. Жол әлі алыс еді. Тау қазақтары маған бір ат, бір есек берді. Тауға қарай жүрсеңіз есекке мініңіз - бұл жануардың тұяғы мықты, басқа жерде атқа мініңіз - белі мықты, құмды өлкеге ілінген соң, үзеңгісін ер-тоқымға айқастырып жібере саларсыз, ауылды өздері табады деді.


ОРАЛ АТА
16.12.2024 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу