13.06.2026
  21


Мен таңдаған мамандық- дінтану

Менің есімім Садырбек Арайлым дінтану мамандығының қазіргі таңда 3ші курсты аяқтап жатырмын осы кезге дейін адамдар менен не үшін бұл мамандықты таңдадың деп те сұраған болатын соларға айтарым:

Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Себебі адамның болашақтағы өмір жолы, қоғамға қосар үлесі мен жеке дамуы көбіне таңдаған кәсібіне байланысты болады. Мен өз таңдауымды дінтану мамандығына тоқтаттым. Бұл шешіміме еш өкінбеймін, керісінше осы салада терең білім алып, болашақта ел игілігіне қызмет етуді мақсат етемін.

Көпшілік дінтануды тек дінді оқытатын мамандық деп ойлайды. Алайда бұл – қате түсінік. Дінтану – әлемдегі түрлі діндердің тарихын, олардың ерекшеліктерін, қоғамға тигізетін ықпалын ғылыми тұрғыдан зерттейтін сала. Бұл мамандық адамдардың дүниетанымын кеңейтіп, әртүрлі мәдениеттер мен сенімдерге құрметпен қарауға үйретеді.

Мен үшін дінтану – тек мамандық емес, үлкен жауапкершілік. Болашақта алған білімімді пайдаланып, жастардың діни сауатын арттыруға, қоғамдағы өзара түсіністік пен толеранттылықты нығайтуға қызмет еткім келеді. Әр адам өзгенің сенімі мен көзқарасын құрметтегенде ғана бейбіт әрі бірлігі жарасқан қоғам қалыптасады деп сенемін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу