Шығармалар ✍️
Әлихан Бөкейхан- ұлы тұлға
Әлихан Бөкейхан- қазақ саясаткер, публицист, мемлекет және қоғам қайраткері. Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі. Семей облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген. Әлихан- орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Омбыдағы техникалық училищесін оқып, оны техника мамандығы бойынша аяқтап шықты. Ал студенттік өмірін ол Санкт- Петербургтегі Орман институнда қызу пікірталастарға қатысып, өз ойын шыңдай түсті. Ол бұнда жүріп әдеби, экономикалық және басқа да үйірмелердің жұмысына белсене атсалысқан болатын. Алайда оны аландатқан жағдайларда болды. Олардың бірі халқына білім мен мәдениет керек екендігін түсініп, халықтың дамуын өзінің алдына мақсат етті.
Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған шарасыз халқына ілім мен білімнің айырмашылығын түсіндіріп, тәуелсіз ел болуға үлес қосу- өмірлік міндеттерінің бірі болды. Оның өмір сүрген кезеңі көшпелілердің құндылығы жоғала бастаған, ал жаңа құндылықтар әлі де қалыптаспаған еді. Бұл кез отаршыл биліктің саясаты қазақ даласына тереңірек ене бастады, қазақтардың төл мәдениеті мен рухани құндылықтары тәуелсіз этникалық топ ретінде өмір сүруі жойылып кету қаупіне ұшырады. Осы сәтте жас Әлихан отаршыл биліктің әрекеттеріне қарсы көзқарастарын қалыстастырды.
Әлихан Бөкейхан қазақтарды тұтас ел ретінде көргісі келді. Ол ұсынған “Алаш” атауы оларды біріктіру үшін өте сәтті идея болды. Алаш қозғалысының жетекшілері патша үкіметінің қоныс аудару саясатына және халықтың жерін аяусыз басып алуға қарсы болды. Алаш қайраткерлері өз мақалаларына мәдениет пен ғылымды кеңінен насиқаттап, қазақ тіліндегі әдебиеттерді дамытуға зор үлестерін қосты. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырды. Замандастары мен халқы қадірлеп оны “Әлекең” деп атап кеткен Әлихан атамыз- бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы үшін арнаған аяулы ұлы тұлғамыз.
Қараңғылықтың қырық қатпарына сәулесін түсірген нұрлы жан болатын. Жұлдыздан да биік мақсаттарды көздеп, халқына тура жол нұсқайтын қағидаларын қатаң ұстанған. Бұған қоса оның дариядай терең білімі, ақылы мен кең парасаты өте құнды орынға лайық деп тануға негіз болды. Ұлы тұлғаның қалдырып кеткен нақыл сөздері қазіргі жаһандану дәуірінде де өте өзекті. Әлихан атамыз қалдырып кеткен “бірліктен айырылып қалған ел қанғып қалады” деген нақыл сөздері халықты татулыққа, өзара түсіністікке, ортақ мақсатқа жұмылуына үндейді.
Мақаламды қорытындылай келе еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндеөз үлесін қосқан, ерең еңбегі халыққа зор пайдасын тигізген ұлы тұлға- Әлихан Бөкейхановтың көзі тірісінде жасап кеткен ұмытылмас жақсылығы ел есінде мәңгі қалды. Ол өз халқының сүйікті де қадірлі азаматы ретінде көзге түсіп, халқының амандығы үшін сан жыл бойы пікірталас арасында өмір сүрді. Халқын қатты қадірлеген, олардың мүддесіе қорғай білген Әлихан атамыз 1937 жылы репрессияға ұшырап, қайғы-қасіретпен көз жұмды. Өз заманында қадірлі болып үлгерген және әлі күнге дейін қадір-қасиетінен айырылмаған Алихан Бөкейханов ел есінде өшпес із қалдырды…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇