Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.06.2026
26
Көктемді "Қыз!" дейікші, "Көктем" демей
Таңсық боп көрмегендей көптен мерей,
Тәнтіміз наурыз-айға жеткенде кей.
Көз алдың қызыл гүлдей келбетті кез -
Көктемді "Қыз!" дейікші "Көктем" демей.
Елітіп жүргендейін біз елеске,
Адассақ - елік-сезім түз емес пе.
Қырмызы қырға толар көктемдегі
Түбірі қызғалдақтың қыз емес пе.
Құмартса - сұлулыққа есті біле
Ақынның ағат айтпас ешкімі де.
Қыздардың қызғалдақтай жайнап тұрған
Көктемнің өзі емес пе кескіні де.
Күн келді сезіміме төккен мерей
Ызғарсыз, үскіріксіз, өктемдемей.
Наурыздың ажарына тағзым етіп,
Көктемді "Қыз!" дейікші "Көктем" демей.
ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ
"Солтүстік Қазақстан" газеті 21 наурыз 2005 жыл 6 бет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇