Өлеңдер ✍️

  09.06.2026
  26


Автор: Мақсатқызы Еркеназ

Әке

Жаздың маған он жылдан соң тілектер,
Айтшы, тола ма енді жүректегі тесіктер?
Керек едің жанымда бала болып жүргенде,
Енді кеш қой, жараларды жазар уақыт өткенде.


 


Сен жоқ кезде қанша арман үнсіз сынып жоғалды,
Әр мереке, әр қуаныш бір бұрышы боп қалды.
«Әке» деген бір ауыз сөз жетпей кетті өмірде,
Бала көңіл жауап күтіп шаршады ғой көңілде.


 


Басқа жанға арнадың ба мейірімді?
Бұйырмады мағанда ондайды сезінуді.
Кешір дейсің бәлкім бүгін, өткенді енді қозғап,
Бірақ уақыт қайтармайды кеткен жылды орап.


 


Мен өстім ғой, сағынудан тас болып та үйрендім,
Жоқтығыңды мойындап, өз жолымды күйледім.
Бірақ кейде жүрек түбі сыбырлайды түндерде,
Неге мені қалдырдың деп жауап іздеп үндерде.


 


@Мақсатқызы Еркеназ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу