Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2026
7
Мен шықпаған бір биік барын білем
Қолдамасын қолпаштап
Қауым кілең,
Айырғанмын досымды, жауымды мен.
Сыздағанда жүрегім, жанға батып,
Сыр білдірмей көтергем ауырды мен.
Тас-талқан боп тауым да шағылғанда,
Оранғанда тұманға, сағымдарға.
Жалғыз жүріп адасып, жол таппадым,
Амал құрып, жылы сөз сағынғанда.
Бұл тірліктен қамығып, түңілдім де,
Көзелерге көбірек үңілдім де.
Дос дегенің хош көрмей шындығымды,
Ауыр тартқан кезім көп жүгім мүлде.
... Сол запыран қайнап бір өзегімде,
Әлі талай ауырға төземін де.
Болашақтың ұрпағы танып алар,
Өзі ұғар сәтінде, кезеңінде.
Сыр білдірмей көтергем ауырды мен,
Қолдамасын қолпаштап қауым кілең.
Тек жырыма табынып пір тұтамын...
... Мен шықпаған бір биік барын білем.
ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ
"Жалын" республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журналы. 9 бет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇