29.05.2026
  14


Автор: Нурабасова Назира

Уақытты тиімді басқару жолдары

Уақытты дұрыс пайдалану -табыс кепілі. Уақыт адамзаттың ең бағалы, қайтарылмайтын байлығы. Оны дұрыс пайдалану өмір сапасын арттырып, өнімділікті жоғарылатады. Тиімді уақыт ең көп пайда әкелетін нәрсеге жұмсалса, жұмыс пен жеке өмір арасында тепе‑теңдік орнап, сүйікті ісіңе де, демалысқа да орын табылады. Уақытты басқару немесе тайм-менеджмент -шексіз тапсырмалардың артынан бүге-шүгесіне дейін жүгіру емес, ең маңызды істерді сапалы орындау өнері.


 


 


Ең алдымен нақты жоспар мен айқын мақсаттар қажет. Мақсаттары айқын адам әр сағатын босқа шығындамай, нәтижеге бағытталған жұмысқа жұмсайды. Мамандардың айтуынша, күнделікті міндеттерді маңыздылығына қарай тізімдеп, оларды бөліп орындау шаршауды азайтады және өнімділікті сақтауға көмектеседі. 


 


 


Бұл тұрғыда уақытты басқарудың бірқатар тиімді әдістері бар, олардың арасында әлемге танымал «Pomodoro» әдісі ерекше орын алады.


«Pomodoro» әдісі өткен ғасырдың соңында итальяндық студент Франческо Чирилло ұсынған. Ол жұмыс процесін қысқа, мөлшермен кезеңдерге бөлу арқылы зейінді бір арнаға тоғыстыруға ұмтылады. 


 


Алгоритм қарапайым: 25 минут қарқынды жұмыс, содан соң 5 минуттық қысқа үзіліс. Осы циклді төрт рет қайталаған соң 20–30 минуттық ұзақ демалыс беріледі. Мұндай тәртіп миға шамадан тыс жүктемені азайтып, жұмысқа деген ынтаны күшейтеді. Шаршау басылған сайын адам бос уақытын өз дамуына бағыттай алады: кітап оқу, спортпен айналысу, жақындарымен уақыт өткізуді ойлауға болады.


Пайдасы көп әдіс болғанымен оны тиімді пайдалану үшін кейбір ережелерді ескерген жөн. 


 


Біріншіден күннің басында-ақ ең маңызды үш мақсатты белгілеу керек; 


екіншіден әр тапсырманы нақты уақыт шеңберінде орындауға тырысу қажет; үшіншіден үзілістерді жүйелі түрде жоспарлап көңіл-күйді қалпына келтіру маңызды! Осыған сүйене отырып тайм-менеджмент уақыт талабына сай дағдыға айналады: жүйелі жоспарлау приоритеттерді дұрыс шоғырландыру өзін-өзі бақылау 


 


Нәтижесінде артық алаңдаушылық азайып адамның шығармашылық және кәсіби қабілеттері артады.


Уақытты тиімді басқарудың тағы бір маңызды аспектісі-шынайы балансты сақтау Жұмысты тым көп уақытқа созу жолда қалмауы тиіс Қиын сәттерде Delegation яғни тапсырмаларды үмітсіз орындау емес нақты бөлісу әріптестермен бірге нәтижеге жету тәсілдері көмектеседі Сонымен қатар үнемі өз күшіңіз бен уақытты бағалау қажет қай уақытта ең өнімді жұмыс жасайсыз,біліп алыңыз. 


 


Сөздің соңына тоқталсақ,уақыт-адамның ең құнды бөлшегі. Уақыттың бос өткені-өмірдің бос өткені екенін естен шығармайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу