Өлеңдер ✍️

  12.05.2026
  606


Автор: Абзиев Қайрат

Жаным ана

Сенсің менің ең алғашқы естігенім,


Сенсің менің ең жақын, ең сенерім.


Дүниенің бар бағын сыйласам да,


Бір күндік ұйқыңды мен өтер ме едім?


Алақаның мен үшін ең жылы жер,


Сен барда менің жаным нұрға енер.


«Жан балам» деп еркелеткен бір сөзің,


Мыңдаған мақтаудан да артық келер.


Сен күлсең шаттық орнап маңайыма,


Бақ қонып, бақыт келер сарайыма.


Анашым, сенің аман жүргеніңді


Теңгермен бұл әлемнің талайына.


Табаның жұмағымның алтын бағы,


Тілегің тағдырымның атқан таңы.


Бүкіл әлем — ананың алақаны,


Ал анам — сол әлемнің жалғыз жаны.


Тірегім, тілегім де бір өзіңсің,


Жанымның жарығы да, нұр-көзісің.


Мәңгілікке бас иіп өтем саған,


Сен менің бақытымның шын өзісің.


Қартаймашы, мұңаймашы, күлімде,


Сен барда шуақ орнайды күнімде.


Осы бір жүрекжарды ақ тілегім —


Сыйлаған махаббатым ғой өзіңе.


Автор: Абзиев Қайрат 


Жақында жарық көретін жаңа кітаптан үзінді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

????
???? 13.05.2026 07:55
????
Анвар
Анвар 13.05.2026 00:33
Молодец Қайрат басабер

Пікір жазу