Өлеңдер ✍️

  04.05.2026
  49


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

Жол

Жол


 


     Тұрдыхан А


 


қайғы-мұңның біздерге не керегі,


қамкөңіл бұл көңілдің көбелегі.


тарам-тарам жолдары табыспаған,


тағдыры бір пендеміз кемедегі.


 


айтпағайсың арманды қиялды да,


армансыз-ақ өмірге сиям мына,


тепкіленген теңіздей тентек сезім,


тебіреніп, кеудеңнен шыға алды ма?


 


ашпай-ақ қой сен маған сырыңды да,


үндеместен жүрейік бұрынғыдай .


ақ мақтаға алармыз от кетіріп,


оқылмасын ендігі жырың бұла.


 


бәлкім, уақыт араны алыс қылар,


күндерді аңсап күтерміз қауыштырар,


айтар сырды жүрелік іштен ұғып,


бір жол бізді түбінде табыстырар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу