Өлеңдер ✍️

  02.05.2026
  12


Автор: Құрбан айт

Құрбан айт — береке бастауы



Ақ тілекпен арайлап атты таңың,
Нұрға толсын шалқыған шаттық жаның.
Мүбәрак боп қасиетті Құрбан айт,
Берекеге толтырсын барлық маңын.

Шалынған құрбандықтар қабыл болсын,
Көңіліңіз иман мен нұрға толсын.
Жаратушы жар болып әр қадамда,
Басыңызға баянды бақыт қонсын.

Ағайынмен араңыз ажырамасын,
Қайғы-мұң ешқашан да мазаламасын.
Осы айттың шапағаты шуақ шашып,
Жақсылықтар жаныңды аяласын.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу