Өлеңдер ✍️
Тіл қасыреті
Здраствуйте: деді маған кассадағы жас бала,
Сәлеметсің! дедім іштей мынау қандай масқара.
Қазақ тілде амандасу соншалықты қиын ба?
Жетпей соған ой-өрісім, жетпей соған миым да!
Және де іштей күбірледім "мынау қандай масқара"
Өз тілінде қорсылдайды ой-санасыз шошқада…
Өз тілінде сөйлеспейді отырыста, жұмыста,
Өз тілінде тілек тілеп, көңіл айтпас туысқа…
Қазақ тілде сөйлесу соншалықты ұятты,
Абыроймен беделді түсіретін сияқты…
Әлде біздің қазақтарға тиген бұл бір ұшық па?!
Өз тілінде мияулайды жаңа туған мысық та.
Қандай қиын заман еді таба болар дұшпанға,
Тілдің жауын жеңе алатын айтыңдаршы күш бар ма?
Өз тілінде сөйлемейді неге біздің қазақтар?
Деген сұрақ өзегімді өртеп мені азаптар…
Өз тілінде сайрайды ғой аспандағы құстар да.
Өз тілінде шықылдайды жорғалаған тышқан да!
Тіл жойылып бара жатқан қасіретті қоғамда,
Тілің үшін жаныңды бер, тілің үшін ұранда!
Мынандай бір жақсы сөзді ей бауырым білер ме ең,
Тілі өлген ел, ел болады тірі өлген!
Өз тілінде кісінейді алашұбар құлан да…
Өз тілінде ысылдайды айыр тілді жылан да!
Көк аспанда тұру үшін көк байрағың құламай!
Қазақ тілде сөйлеу міндет, былдырламай бұрамай…
Өз тілінде үндеседі әр тіршілік жаны бар…
Жәндіктер де аң-құстар да, шыбын-шіркей жануар!
Өз тіліңді құрметтеуді айтып кеткен ұлы Абай!
Неге соны түсінбейді бұл қазақтар, құдай-ай…!
Желтоқсанды еске алсақ, жан төзгісіз азапты,
Өз тілінде күресумен келген ұлы азаттық.
Тарихты қозғап болсақ, хандығымыз орнаған,
Ел мен жерді баһадүрлер өз тілінде қорғаған!
Және сондай кешпес үшін жан түршігер азапты,
Өз тілінде сөйлеу ғана құтқарады қазақты…
Автор - Qalıs Toleýǵazy
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇