Эсселер ✍️
Қазіргі жастардың мәселелері
Қоғамның болашағы – жастар. Әрбір елдің дамуы мен өркендеуі тікелей жас ұрпақтың біліміне, тәрбиесіне және белсенділігіне байланысты. Алайда бүгінгі таңда жастар түрлі әлеуметтік, экономикалық және рухани қиындықтарға тап болып отыр. Бұл мәселелер тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның болашағына әсер ететін маңызды факторлар.
Ең басты проблемалардың бірі – жұмыссыздық. Көптеген жастар жоғары оқу орнын тәмамдағанымен, өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмай жүр. Бұл мәселе жалақының төмендігінен, жұмыс берушілердің қатал талаптарынан туындап отыр. Тағы бір себеп бар әлеуметтік желідегі әдемі өмірге қызығушылық. Жастар көп ақша табуды, ел көріп, ата-анасын қыдыртуды қалайды. Сол үшінде өз мамандығынан бас тартып, сағатына төлейтін жұмыстармен айналысуға мәжбүр.
Жастар арасында ажырасу да кең етек жайып барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген. Ал, 45,7 мың адам некені бұзған. Әрине бұл жерде ажыраспағанмен, берекесі кетіп, үйінде ұрыс-керістен көз ашпай шаңырағы шайқалудың аржақ-бержағында жүргендердің санын қоспағандағысы тағы да бар. Ажырасуға арыз беретіндердің басым көпшілігі өз шешімдерінің себебін мінездерінің сәйкеспейтіндігімен, тұрмыста ортақ тіл табыса алмайтындығымен түсіндіреді екен. Сонда сүйем-күйем деген сөздердің құр өтірік болып қалғаны ма?
Өз елінің сұлтаны болуды емес, өзге елдің ұлтаны болуды таңдап, шетел асып кеткен жастар көп. Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды. Бұл мөлшер жастардың қалауын қанағаттандыра алмайды. Сол үшінде жастар жақсы өмір үшін талпынып, туған жерін, жақындарын тастап жалақысы жоғары елге барып жұмыс істеуге мәжбүр.
Қортындылай келе, қазіргі жастардың проблемасы өз мамандығы бойынша жұмыс істемеу, ажырасу, күнкөрістің қамын ойлап шетел жағалап кету болып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан қолдау күшейіп, жастарға сапалы білім мен лайықты жұмыс ұсынылуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар, жастардың өзі де жауапкершілікті сезініп, болашағына саналы түрде қарауы тиіс. Сонда ғана еліміздің болашағы жарқын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇