Эсселер ✍️

  14.03.2026
  25


Ұлттық болмысты сақтау — рухани жаңғырудың ең басты шарты

  Қазақ халқының бай тарихы мен рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Сол тарихты, салт-дәстүрді, әдет-ғұрпымызды сақтау — рухани жаңғырудың ең басты шарты. Ұлттық болмысымызды сақтау арқылы ғана біз өзіміздің мәдени ерекшелігімізді, төл тарихымызды ұрпаққа жеткізе аламыз.
  Ұлттық болмыс дегеніміз — тіл, дәстүр, өнер, әдет-ғұрып, киім, ой-пікір жүйесі сияқты қоғамның рухани құндылықтары. Бұл құндылықтар әр халықты бір-бірінен даралап тұрады. Мысалы, қазақтың қонақжайлылығы, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттері — ұлттық болмыстың көрінісі. Егер біз осы қасиеттерімізді ұмытсақ, тек сыртқы жетістіктерге ғана сүйенетін болсақ, рухани кемелденуімізге кедергі жасаймыз. Бүгінгі заманда жаһандану үдерісі халықтарға үлкен мүмкіндіктер берсе де, ұлттық дәстүрлердің ұмытылуына әкелуі мүмкін. Сол себепті әрбір адам өз тілін, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын сақтап, дамытуға ат салысуы керек. Мектептерде, университеттерде, үйде ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді насихаттау — ұлттық болмысты сақтаудың жолы. Сонымен қатар ұлттық өнерді, қолөнерді, музыка мен әдебиетті насихаттау да рухани жаңғыруға үлкен үлес қосады.
   Қортындылай келе, ұлттық болмысты сақтау арқылы ғана біз өзімізді мәдениетті, білімді және рухани тұрғыдан бай ұрпақ ретінде көрсете аламыз. Бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың дамуына, мемлекетіміздің берік әрі тәуелсіз болуына септігін тигізеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу