Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2026
31
Болашаққа хат
Сондай сәтті кешіп келем бүгінде,
Еш мойыма, деп келемін күлімде.
Сан түрлі соқпақ болған осы жол,
Тек шыдашы, ұмтыла бер, түңілме.
Кей сәттерде жеңілгендей күй кешіп,
Жеңілдім-ау дегенде ашылады бір есік.
Сыртқа бүтін көрінгенмен келбетім,
Ішкі оймен келем арпалысып күресіп.
Әрекетім арманыма көздеген,
Оған сайлы лайықты боп өзгерем.
Тек шыдашы бірге ерген сұлуым,
Біздер әлі бай боламыз сөз берем.
Уақыт шіркін — тоқтамайтын ағын ба,
Сынақтарды сый қып тартар бағыңа.
Кешегі мұң — бүгінгінің сабағы,
Шыңдалумен жетеміз біз тағы да.
Тағдыр бізге салғанымен сан өрнек,
Төзімді жан шың басына шығар бек.
Қиындықтың бұлты сейіліп кеткенде,
Күлімдейді бізге бақыт — «кел» деп кеп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇