Ғаламдық үнсіз жау қатерлі ісікпен шайқаста жеңіске жету жолы
21 ғасыр медицина қарыштап дамығанымен , адамзат қатерлі ісікпен күресте әлі де үлкен сынақ алдында тұр. Дүниежүзілік ДСҰ – ның дерегіне сәйкес , бұл дерт жыл сайын миллиондаған адамның өмірін жалмайды. Қатерлі ісік қалай пайда болады? Оны емдеу қаншалықты мүмкін? Аты жаман аурудың таралу қаупі неге үдеп бара жатыр ?
Мамандардың айтуынша , қатерлі ісік бір ғана себептен туындайтын ауру емес. Маңызды қоздырушы факторлары :
Жиі уайым мен көңіл күйдің дұрыс емес болуы
Дұрыс емес тамақтану
Қозғалыстың аздығы
Теріс экологиялық жағдай
Созылмалы стерсс
Зиянды әрекеттер ( ішімдік ішу , темекі )
Дұрыс емес ұйқы
Дер кезінде емделмеу
Ультракүлгін сәулелер әсері
Қатерлі ісік метастаз сүйекте , мида , бауырда , өкпеде жиі пайда болады. ДСҰ дерегіне сәйкес , қатерлі ісік әлем бойынша өлім себептерінің бірі және жыл сайын 10 миллион адам қаза табатындығын жеткізеді.( world health organizationсайтынан 03.02.25ж)
Медицина саласының дамуы бұл дерттің емін табуға деген сенімді арттыруда. Шотландиялық ғалымдар қатерлі ісік пен бактеря жасушаларының маңындығы сау тіндерге зиян келтірмей жоюға қабілетті “Троян жылқысы” дәрісін сынақатан өткізді. Ад Эдингбург университетінің зерттеушілерлі қатерлі ісікті өлтіретін Se NBDмолекуласын қатерлі жасушалардың көзін жоятын химиялық тағамдық қоспамен араластырып , адамдардың жасушаларына тәжірибе жүргізді . Зерттеу барасында сарапшылар рак клеткаларының “ашкөз” екенін анықтады . Сондықтан, сау жасушаларға қарағанда көп энергияны қажет ететіндігіне тағы да бір көз жеткізді. Ғалымдар бұған дейін көк шайдың құрамынан қатерлі ісік ауруына қорғаныш тапқан. Бұл сусында антиоксидант эпигаллокатин галлат (EGCG) қатерлі ісікке қарсы қуатты р53 ақуызының деңгейін жоғарылатады , ол Геном қорғаушысы деп аталады. Бұл зерттеу, әдетте, өте қауіпсіз жарық сәулемен араластырып отырып жүргізеді, жаңа терапия әдістерін дамытудағы маңызды қадам болып табылады», деді Эдинбург университетінің трансляциялық химия және биомедициналық бейнелеу кафедрасының меңгерушісі, профессор Марк Вендрелл.
Онколог және хирург Иван Карасев рак жасушалары сау адамдарда да кездесетінін, адамның иммунитеті әлсіреп кеткен кезде олардың күш алып кететінін айтқан болатын. Сарапшының айтуынша, адам ағзасында рак клеткалары күш алып кетпеу үшін қалыпты кем дегенде сегіз сағаттық ұйқы, күніне кемінде 10 мың қадам жау жүру және күніне аз мөлшерде бірнеше рет тамақтану қажеттігін айтқан болатын.
2020 жылдың соңында британдық онкологиялық зерттеулер институтының ғалымдары ісіктің алты түріне қарсы тиімді деп танылған революциялық препаратты клиникалық сынақтан өткерген болатын.Инновациялық терапия «трояндық ат» қағидаты бойынша жұмыс істейді:
Әзірлеушілер улы молекулаларды зиянсыз антиденемен бүркемелеп, дәрі-дәрмекті «жасырды». Осылайша, ол ісікке тікелей түсіп, оған іштен соққы жасайды. Бұл сынақ қатерлі ісік ауруының соңғы стадиясындағы, ешбір ем қонбаған науқастарға қолданды. Препарат жатыр мойны мен қуықтың қатерлі ісігіне қарсы күресте ең жақсы нәтиже көрсетіпті. Ем қонбаған науқастардың төрттен бір бөлігінде айтарлықтай жақсарулар байқалды. Ісік мөлшері бойынша кішірейіп немесе толығымен өсуін тоқтаттқан.
Ал еліміздегі ақуалға тоқталсақ. Мидың қатерлі ісігіне шалдыққандарға пышақсыз ота жасау дамып келеді . 2 жыл бұрын қолға алынған операцияға бүгінде мыңға жуық науқас жүгінген. Дәрігерлер мұндай ота түрі адам өмірі үшін қауіпсіз деп есептейді . 2 апта бұрын бірінші емімді қабылдадым. ”Алғашқы отадан ақ басымның ауырғаны қойып , дертімнен айығып келемін. Мұндай ота жасау құны 1 милиион 850мың теңге”дейді емеделуші Өскемен қаласының тұрғыны Тамара Сабаш.
2025 жылы Қазақстанда 43мыңнан астам адамнан қатерлі ісік анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6% ға артқан. Бұл туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми – зерттеу өкілі баяндайды.
Дұрыс емес тамақтану, қозғалыстың аз болуы , созылмалы стерсс қазіргі заманның күнделікті өмірінің айнымас шарты. Құрамында консерванттары көп тағадар, артық қант пен май ағзаның қорғаныс жүйесіне кері әсер ететін қас жауы. Бұл жерде мәселе тек тамақтануда емес , жалпы денсаулық сақтау мәдениетінде жатыр. Зиянды әрекеттер бұл аурудың өршіткіштері екенін білмейтін адам кем де кем шығар. Бірақ, біле тұра өзіне және өміріне қастандық жасайтындар саны неге азаймауда? Тіпті темекі қаматамасындағы жарнамалардың өзі бұл қауіпті жоққа шығармайды.
Тағыда бір маңызды мәселе – ерте диагностика. Қазіргі медицина қатерлі ісікті емдеудің түрлі әдістерін ұсынады. Химиотерапия , сәулелік терапия , хирургиялық араласу , иммундық терапия секілді тәсілдер кеңінен қолданылады. Алайда , дәрігерлердің айтуынша , емнің нәтижелілігі көбіне аурудың қай кезеңде анықталғанына байланысты. Енді тарала бастаған бірінші сатыдағы дертті бақылау немесе толық емдеу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Өкінішке орай , тәжірибеде көптеген науқастар дәрігерге кеш жүгінеді. Бұл жағдайға бірнеше себептер бар:
Прфилактикалық тексеріске немқұрайлы қарау , ақпараттың жеткіліксіздігі , психологиялық қорқыныш , диагноздың дұрыс қойылмауы. Елімізде медицина дұрыс диагноз қою жағынан ақсап тұр. Осы себепті көп науқастардың ауруы өршіп кетіп жатады. Науқастар шет елге барып нақты диагноз қойдыртуға мәжбүр. “Ауруын жасырған өледі” демекші дұрыс емес диагноз қойылып , қаншама науқас көз жұмуда . Ал шет елде емделу үшін қарапайым халықтың қалтасы қаншалықты қалың? Қаражаты жетпегендер елде қалып аурудың ащы дәмін сезіп , көз жұмуы қажет пе?
Өмір сүруге барлық адамзат құқылы. Жоспарлы түрде отандық медицинамен емделу үшін сақтандыру қажет. Ал шұғыл түрде ауруханаға түсетін болса “экстренно” жағдайда әрине сақтандыру маңызды емес. Алайда елімізде 3,5 миллион адам медицинамен сақтырылмаған.
Біз денсаулығымызды ауырғанда ғана ойлаймыз. Ал неге алдын ала әрекет етпейміз? Бұл салғырттықтың соңы неге әкеліп соғатындығын біле тұра неге кейінге қалдырамыз? Қатерлі ісіктегі маңызды қадам осы сұрақтарға әр адамның өзінің жауабы. Сіздің денсаулығыңыз біз үшінде өзіңіз үшін де маңызды. Дер кезінде дәрігерге жүгінуден қорықпаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇