Шығармалар ✍️
Қалай өзіміздің өмірлік жолымызды тауып, мамандықты таңдаймыз?
Қалай өзіміздің өмірлік жолымызды тауып, мамандықты таңдаймыз?

Сурет: pinterest
Қазіргі жасөспірімдердің ең үлкен мәселесі - мамандық таңдау. "Мен кім болам?", "Қайда барам?", "Нені қалаймын?", деген сұрақтар ойларын күнде мазалайды. Өміріңді ұнатпайтын жұмысыңда емес, сүйікті ісіңмен айналысатындай етіп, мамандықты қалай таңдауға болады? Осы мәселені бірге талқылап, шешу жолын іздестірейік.
2025 жылғы шілде айындағы брифингте вице-министр Асқар Биахметов Қазақстандағы түлектердің 30%-дан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл көп адамдардың өз уақыттарын жоғалтып, қалаған өмірін сүрмеуін көрсетеді. Неліктен қоғам бұндай мәселеге ұшырайды?
СЕБЕПТЕР:
1. Өзін танымау
Адам өз қалауын, мінезін және қабілетін түсінбеуі ең басты себептердің бірі. "Мен кіммін?" деген сұраққа жауаптың жоқтығы, олардың өз жолын дұрыс таңдамауына әсер етеді. Көптеген жастар өз мықты жақтарын білмей мамандық таңдап жатады. Бұл қателік. Болашағыңа жауапкершілікпен қарау қажет. "Маған бәрібір, қайда түссем де оқи беремін" деген пікірмен жүру, үлкен дағдарысқа әкеледі. Нәтижесінде өмір бойы арманыңды аңсап, күнде стресске ұшырап жүретін боласың.
2. Әлеуметтік қысым
Адам өзі таңдау жасай алмаса, ол қоғамның немесе отбасының кеңесіне жүгінеді. Кейбір кездерде бұл дұрыс көрінгенмен де, бұның теріс жақтары бар. Мысалы, ата-аналар көбінесе өз балаларына орындалмаған армандарын жүктеп қояды. Бұл дұрыс емес, өйткені әр адамның өз жолы бар. Қанша жерден ата-анаңды жақсы көрсеңде, сенде бұл өмірді бір рет сүресің. Өз қалауыңмен жүріп, өз армандарыңды жүзеге асыруың қажет.
Ата-ана арманынан басқа да, сән мен трендтерге қызығуда зиян. Мысалы, "Қазір бәрі IT мамандығына оқуға түсіп жатыр. Менде соған барайын" деп түлектер қызығып, өз армандарын ұмытады. Қарапайым сөзбен айтқанда, елмен бірдей боламын деп, өзіңнің ерекшелігіңді жоғалтасың.
3. Мамандықтар туралы түсініктің тарлығы.
Біз көбінесе тек 10-15 танымал мамандықты білеміз. Ал қалған көптеген салаларды зерттемейміз. Бір саланың өзінде неше түрлі мамандықтар бар. Ал біз тек соның ең танымалын таңдаймыз. Бұл да бір қателік. Онымен қоса мектептерде бізге мамандықтардың «ішкі сырын» көрсетпейді. Оқушылар аз таңдаумен шектеліп қалады. Жеткілікті ақпарат алмаған соң, дұрыс жолды таңдамайды.
Өмірлік жолды табу және мамандық таңдау — бұл жай ғана жұмыс іздеу емес, бұл өзіңді тану процесі. Көп жағдайда біз қоғамның, ата-ананың немесе сәннің жетегінде кетіп, өз қалауымызды ұмытып жатамыз. Өз жолыңызды адаспай, қалай таба аласыз? Мансап жолын таңдаудың ең жақсы жолдарын ұсынамын:
1. Өз арманыңыз жайлы ойлаңыз.
Армандаған мамандығыңыз туралы ойланыңыз. Сіз мамандық таңдап жатсаңыз, егер жұмыс істеу керек болса, қандай іспен айналысар едіңіз? Осы сұраққа жауап сізге ең күшті мамандықты таңдауға кепілдік бермесе де, сізге не істеу керектігі туралы түсінік бере алады.
• Мысалы, сіз журналист болғыңыз келсе, теледидар және радио хабарларын тарату саласында жұмыс істеуді қарастырыңыз. Сіз коммуникация саласында дәреже ала аласыз немесе жергілікті жаңалықтар станциясында, басқа телестудияда мансабыңызды дамытасыз.
• Егер сіз әлемді аралауды армандайтын болсаңыз, стюардесса болуды қарастырыңыз. Бұл табыс табудың және әлемді аралау арманыңызды орындаудың тамаша тәсілі.
2. Хоббилеріңізді бағалаңыз.
Егер сіз қандай маман иесі болатыныңызды шеше алмай жүрсеңіз, сүйікті ісіңізге қарай мамандық таңдау сізге көмектеседі. Қандай іспен айналысқанды ұнатасыз, соны мансабыңызға сәйкестігін қарастырыңыз.
• Мысалы, егер сіз сурет салғанды ұнатсаңыз, графикалық дизайнер немесе архитектор болуды ойлап көріңіз.
• Егер сіз оқиғалар жазуға, шығармашылыққа бейім болсаңыз, режиссер, сценарист мамандығын қарастырыңыз.
3. Өз қабілетіңізге қарай мамандық таңдау.
Егер сіз белгілі бір дағдыларда, мысалы, заттарды жөндеу немесе жасауда ерекше жақсы болсаңыз, бұл сізді болашақта керемет мансапқа дайындай алады. Яғни, өзіңіздің жақсы жақтарыңызды, қасиеттеріңізді білу арқылы, өз жолыңызды таңдай аласыз.
• Тамақ жақсы жасай алсаңыз, аспазшы болу туралы ойланып көріңіз.
• Сөйлеуге шебер болсаңыз, тілші болуды қарастырыңыз.
Мамандық таңдаңдауға көместесетін сынақтар.
Болашақ мамандықты 8-ші сыныптан бастап таңдауға болады. Бірақ, ойыңызбен, қызығушылығыңыз жиі өзгеретін болса, жыл сайын арнайы тесттер тапсыруға болады. Яғни, өсе келе мамандыққа деген көзқарасыңыз ауысады. Осы үшін мамандықты анықтауға арналған тесттер бар. Тестті жыл сайын тапсырып, уақыты келгенде, өз жолыңызды таңдай аласыз. Сіздерге арналған бірнеше тест, сайт, әдістер түрлерін жазып кетейін:
1. Холланд тестісі.
- Тест әйгілі АҚШ профессоры Джон Холландтың (Голланд деп те атайды) мансаптық таңдау теориясына негізделген. Холландтың айтуынша, кәсіби табыс тұлға түрі мен мақсаттты кәсіби орта арасындағы сәйкестікке тікелей байланысты. Адамның мінез-құлқына тек тұлғалық қасиеттер ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта да әсер етеді. Сондықтан адамдар ең қолайлы кәсіби ортаны іздейді. Холландтың мансаптық таңдау сауалнамасы, авторының айтуынша, қабілеттер мен бейімділктерді болашақ мансаппен дәл сәйкестендіруге мүмкіндік береді, бұл ең қолайлы мансап жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл тестте Холланд адамды 6 типке бөледі. Олар: реалистік, зияткерлік, әлеуметтік, кәсіпкерлік, конвенционалды, артистикалық. Сіздің типіңізге қай сала жақын екенін нақты көрсетеді. Холланд сынағы мектеп оқушыларынан бастап барлық жастағы адамдарға жарамды.
2. Mansap.enbek.kz
- Бұл сайт өзіңіздің қабілетіңіз бен біліміңізге қарай, нақты фактілер мен еңбек нарығындағы үрдістерге сүйеніп, мамандық таңдауға көмектеседі. Сайттың өзінің жасанды интеллект инженері бар. Ол арқылы мамандықтың сұранысын, айлық ақысын, еңбек нарығындағы дәрежесін біле аласыз. Сайт талапкерлер үшін өте ыңғайлы. Жыл сайынғы грант саны, мамандық рейтінгі көрсетілген. Тестті кез келген уақытта өтіп, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
3. Икигай
Икигай – бұл жай ғана тест емес, бұл жапондықтардың “өмірлік жолды табу” философиясы. Мамандық таңдауда бұл әдіс өте тиімді. Себебі, ол барлық маңызды факторларды теңестіреді. Өзіңізге сай мамандықты табу үшін мына икигай-дың 4 элементіне жауап беруіңіз қажет:
- Сіз нені жақсы көресіз: хоббилер, қызығушылықтар, сізге қуаныш сыйлайтын әрекеттер.
- Сіз қандай салада, істе жақсысыз: дағдылар, таланттар.
- Әлемге қандай пайда алып келе аламын: басқалардың қажеттіліктері, қоғамға пайдасы.
- Маған күн көріс көзін не береді: қай мамандықтар жақсы төленеді? Сіздің дағдыларыңыз нарықта сатылады ма?
Осы төрт шеңбердің қиылысуы, сізге нақты жауап береді. Ең бастысы сұрақтарға шынайы жауап беру. Олардың ортақ нүктелерін тапсаңыз, сіздің өмірлік жолыңыз белгілі болады.

Сурет: “Jujutsu Kaisen” анимесі
Мамандық таңдау - қиын, әрі жауапты шешім. Болашағыңның қандай болуын тек өзің ғана шешесің. Сондықтан, қаншалықты қиын болсын, өз жүрегіңмен, арманыңды сатпай, өз жолыңды таңда. Ешқашанда асықпа. Мамандық таңдау - бұл жарыс емес. Ол ұзақ жол. Кез келген кезде тоқтап, өзіңнің қалаған жағыңа бұрылып кете алатын, сені болашаққа саяхатқа апарар жол.
Өзіңді таны, зертте. Дұрыс жолыңды таңдап, қалаған арманыңа қолыңды жеткіз!
Рақымғали Салтанат 10-шы сынып оқушысы
Қолданылған ақпараттық ресурстар:
wikihow com; gov kz; informburo kz; careertest ru.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇