13.02.2026
  16


Әлеуметтік желі: мүмкіндік пе, тәуелділік пе?

Бүгінде көпшілік үшін таңғы ас емес ,әлеуметтік желідегі жаңалықтар күннің басталуына айналды.Біз көзімізді ашқанда бірінші болып кімге қараймыз:жақынымызға ма, әлде телефон экранына ма?


Әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.


       Адам өміріне әлеуметтік желінің әсері- екіжақты. Бір жағынан үлкен мүмкіндік, және зиян болуы да ықтимал. Бүгінгі күнде адамдардың көпшілігі тик-ток,


инстаграм платформалары арқ[spoiler][/spoiler][leech=][/leech]ылы жедел ақпарат алып,


білім алуда,және жеке кәсіптерін дамытуда. Көптеген адам контент жасап өз табыстарын табуда .Әлеуметтік желі арқылы ақпарат қарқыны жылдам жүреді. Әлеуметтік желі дамуы технологияның жетістіктерімен тікелей байланысты.  Смартфондардың кең таралуы, түрлі қосымшалардың пайда болуы,интернет жылдамдығы артуы адамдардың қарым-қатынас жасау тәсілін түбегейлі өзгертті.


      Әрине, әлеуметтік желінің кері әсерін де теріске шығаруға болмайды. Бұл ең алдымен адам өмірін толықтай интернетке деген тәуелділікке алып келеді. 
АҚШ-тың соңғы зерттеуі бойынша жасөспірімдердің 


90%-ы әлеуметтік желіні пайдаланады. Қытай, Солтүстік Корея, Тайвань сияқты елдерде интернетке тәуелділік басым түрде болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желі адам уақытын тиімсіз пайдалануына алып келеді. Әрі адамның психологиясына кері әсерін тигізеді.


         Тағы бір маңызды мәселе- жалған ақпарат көптеп таралуы. Қазіргі кезде интернет желісі,  онлайн платформалар арқылы жалған ақпараттар ағыны көптеп таралуда. Бұл қоғамдық пікірге кері әсерін тигізеді.Және адамдардың өз пікірімен дұрыс шешім қабылдауына кедергі келтіруі мүмкін. Телефон адам энергиясының 50%-ын өзіне тартады. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. 10жыл бойы күніне жарты сағат телефонмен сөйлескен адам глиома дертіне шалдығу қаупі 40%-ға дейін ұлғаяды. 
       XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. 
Әлеуметтік желілер жастарға кең мүмкіндіктер ұсынады. 
Дегенмен, бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек. Өзіңіздің уақытыңызды виртуалды әлемде босқа өткізбей, оны білім алу, жұмыс істеу, байланыс орнату мақсатында пайдаланыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу