Әңгімелер ✍️
ӨТПЕЛІ ШАҚТАҒЫ ТОЛҚУЛАР: ата-ананың рөлі қандай?
Өтпелі кезең – жасөспірімнің өміріндегі ең ауыр шақтардың бірі. Тәуелсіздікке ұмтылу мен эмоцияналдық тұрақсыздық көш бастайтын мезгіл. Бұл қиын сәттерде жеткіншектің гормондық өсу мен тәнінің өзгеру сатысы, психологиялық әрі моральдық даму уақыты белең алады. Бозбалалардың дауысының өзгеруі, бойының тез өсіп кетуі, мінез-құлқының тіке болуы толыққанды өтпелі кезеңге ауысқанының белгісі. Әдетте қыздардан ұл балалардың өсіп-жетілуі жылдам әрі кеш жүреді. Сәйкесінше бойжеткендерде ерте, бірақ, ұзақ болады. Тәнінің өзгеріп, ашуланшақ болуы, өзіне деген сенімсіздік пен өзін-өзі бағалауының төмендеуі күрт артады. Осындай ымырт кезеңде ата-ананың рөлі маңызды. Себебі, отбасылық қолдау енді дамып келе жатқан өскіннің өмірі үшін ең басты бағдар жол. Sciencedirect.com-ның ресми жазбаларында айтылғандай «Ата-ананың қолдауы, тыңдауы және түсінуі — өскелең жасқа дұрыс бағыт берудің маңызды факторы». Осындай жасөспірімнің қалыпты жетіліп, психологиялық тұрғыда дұрыс дамып, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ата-ана қандай көмек беруі керек? Әке мен ананың бұл мезгілде қолдауы қаншалықты дұрыс? Қазіргі жастардың өтпелі кезеңі қалай болуда?
Әрине, барлық ана мен әке баласына жетерліктей тіпті, артық көңіл бөлгісі келеді. Алайда «жұмыс, тұрмыстық тіршілік, жеке өмір, балаларды өсіру керек» деген стереотип әлі күнге дейін қалыптасып қалғаны бәрімізге мәлім. Расымен, әр адам бұл өмірде бірінші рет өмір сүріп жатқандықтан, қаншалықты дұрыс тәрбие беріп жатқанын біле алмай жатады, және бұл қалыпты үдеріс. Десекте, әрбір ата-ана жас кезінде өзінде болған яки өзі жасаған қателіктерді туған баласы қайталамаса екен деген мақсатпен тәлім-тәрбиені жеткілікті бергісі келеді. Осындай тұста өтпелі кезеңнің орыны маңызды. Себебі, жасөспірімнің сыни тұрғыда даму дәуірі осы шақта болады. Осы белесте ата-ананың жасауы керек ең басты қағидаларды айта кетсем (жеке өмірден алынған):
- Балаңызбен жиі әңгіме-дүкен құрып, күні қалай өткенін, белгілі бір тақырытыпта оның ойы қандай екенін сұрап тұрыңыз.
- Жасөспірім тұратын бөлме үнемі таралып жатуы мүмкін. Сондықтан түсіністікпен қарап, ұрысудың орынына бірге жинауға көмектесіңіз. Әдетте жас буынның бөлмесі оның соңғы кездердегі көңіл күйіне байланысты болады, біле жүріңіз.
- Бөлмені әрдайым желдетіп, бөлмеге гүлдер қойыныз. Ауа таза болған кезде көңіл күйде тамаша болатыны сөзсіз.
- Балаңызбен қаржылық, жыныстық сауаттылық, жеке шегара туралы ашық сөйлесіңіз. Ұл бала – әкесімен, қыз бала – анасымен..
- Шектен тыс шектеу қойманыз! Көп жағдайда шектеудің көптігінен балалар түрлі қателіктерге бой алуда.
- Ұят – бұл үкім, заң, ұғым емес екенін нақты көрсетіңіз. Балаға ең басты ұлттық кодты дәріптеңіз. «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» Бастысы өзіңіз балаңыз үшін үлгі екеніңізді ұмытпаныз!!!
- Жасөспірімдердің денсаулығы, оқу нәтижесі және қауіпсіздігі — ата-ананың белсенді араласуына тікелей байланысты. Сондықтан білім деңгейінің жоғару болуы үшін жағдай жасаңыз. Балаңыз деңсаулығы сыр беріп жүргенін жиілеп айтатын болса, міндетті түрде бірге емханаға барыңыздар.
- Үйдегі ауа-райының тұрақты болуы үшін жұмыс жасаныздар. Яғни, үйдегі жанжал, берекенің болмауы т.б себептер баланың өміріне тікелей әсер етеді. Ұясына деген сүйіспеншілікті жоғалтып алмаңыздар!
- Балаңыздың дарынын 5 жастан бастап бағалап, оның жетістіктерімен мақтануына мүмкіндік беріп, қолдау білдіріңіздер.
- Бастысы балаңызбен жиі уақыт өткізіп тұрыңыз. Аптасына бір рет фильм көріп, кітап оқып, танымдық дәрістер беріп тұрыңыз. Жасөспірімдік шағында ата-анасымен тек жылы естеліктер қалуына себепкер болыңыз.
Көбіне ата-аналар баланың мәселесін «өтпелі кезең ғой, қояды» деп жеңіл қарастыруы мүмкін. Алайда жасөспірім үшін оның сезімдері — әлемдегі ең маңызды нәрсе. Баланың мұңын яки ашуын «бұл түк емес» деудің орнына, «мен сенің неге ренжіп тұрғаныңды түсінемін, бұл шынымен ауыр» деп оның сезімін мойындау керек.
Қазіргі жасөспірімдердің өмірінің жартысы интернетте өтеді. Бұл — тек ойын емес, бұл олардың әлеуметтік ортасы.
Гаджеттерді жауып тастау емес, оларды қалай қауіпсіз қолдану керектігін үйрету маңызды. Буллинг (қорқыту) және әлеуметтік желідегі «мінсіз бейнелердің» әсерінен болатын депрессия туралы ашық айту қажет.
Қазіргі ата-аналардың басты қателігі — баланы «жөндеуге» тырысуы. Біз жасөспірімнің өзгеруін «бұзылу» деп қабылдап, оны баяғы «мойынсұнғыш» қалпына келтіргіміз келеді. Алайда, өтпелі кезең — бұл ақау емес, тұлғаның қайта туылуы. Ата-ананың «менікі ғана дұрыс» деген амбициясы баламен арадағы сенімді біржолата бұзады. Біз баланы басқаруды доғарып, онымен серіктес болуды үйренуіміз керек. Бірақ, мойындау керек, өз эмоциясын басқара алмайтын ата-ана, баладан тепе-теңдікті талап ете алмайды.
Өтпелі кезең — бұл дауылды теңіз. Ата-ананың міндеті баламен бірге батып кету немесе оны жағадан айқайлап басқару емес, сол дауылда балаға «сенімді айлақ» болу.
Қазіргі қоғамда «мінсіз ата-ана» болу туралы стереотиптер көп. Алайда, басты қателік — баланың өзгеруін «басқарылудан шығу» деп қабылдап, оны бақылауды күшейту. Біз баланың денесі өсіп, санасы толысқан сайын, оған деген көзқарасымызды өзгертпейміз. Оны әлі де «кішкентай бөбек» ретінде көріп, шешімді өзіміз қабылдағымыз келеді. Жасөспіріммен қарым-қатынастағы ең үлкен қауіп — «сенімнің жоғалуы». Егер ата-ана тек қадағалаушы (цензор) рөліне өтсе, бала өзінің ішкі әлемін құлыптап тастайды. Бұл кезеңде баланы «тәрбиелеу» кеш, онымен тек «дос болу» ғана нәтиже береді. Бірақ дос болу — бәріне рұқсат беру емес, оның сезімдерін растау және қабылдау.
Егер жасөспірімдік шақ — баланың сізден «бөлініп кетуі» емес, оның сізбен жаңа, сапалы деңгейде «қайта табысу» мүмкіндігі болса, сіз балаңыздың алдында өз қателіктеріңізді мойындап, онымен «билік» тілінде емес, «түсіністік» тілінде сөйлесуге психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайынсыз?
Ойланған жөн...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇