Шығармалар ✍️
Жастар мәселесі-қоғамның болашағы
Қазіргі кезде жастар мәселесі жиі айтылып жүр.Себебі жастар – елдің болашағы. Бүгінгі жас қандай болса,ертеңгі қоғам да сондай болады.Сондықтан жастардың жағдайы, тәрбиесі,білімі өте маңызды деп ойлаймын.
Бүгінде жастардың мүмкіндігі көп.Олар білім ала алады,шетелде оқуға грант ұта алады, интернет арқылы түрлі курстарға қатыса алады.Бірақ сонымен қатар жастардың алдында қиындықтар да бар. Соның бірі –жұмыс табу мәселесі.Кейбір жастар оқу бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.Тәжірибе сұрайды, бірақ жас маман тәжірибені қайдан жинайды?Осы себептен кейбірі өз мамандығымен емес,басқа салада жұмыс істеуге тура келеді.
Тағы бір мәселе – жастардың шетелге кетуі. Қазір көптеген жас,жақсы білім немесе жоғары жалақы іздеп, басқа елге көшіп жатыр.Әркім өз болашағын ойлайды.Егер білімді, талантты жастар елден кетсе,бұл мемлекеттің дамуына не әсер етеді? Сондықтан елімізде жастарға жағдай жасаулы керек.
Сонымен қатар әлеуметтік желінің әсері де үлкен.Қазіргі жастар көп уақытын телефонмен өткізеді.Бірақ бұл оқуына кедергі келтіреді.Әлеуметтік желіде бәрі әдемі өмір көрсетеді,ал шынайы өмірге келгенде бәрі оңай емес.Кейбір жастар өзін басқамен салыстырып, көңілі түсіп кетеді. Бұл да психологиялық мәселелерге келіп туындайды.
Тағы бір маңызды мәселе – жауапкершілік. Кейде жастарды «қазіргі жастар еріншек» деп сыни пікір айтады.Бірақ менің ойымша,бәрін бірдей айту дұрыс емес Арасында еңбекқор, білімге құштар,белсенді жастар өте көп. Олар түрлі жобаларға қатысады,ерікті болады,қоғамға пайдасын тигізуге тырысады.Сондықтан жастарды тек сынамай,оларға сенім білдіру керек.
Жастар мәселесін шешу үшін ең алдымен сапалы білім мен жұмыс мүмкіндігі болуы керек.Сонымен қатар жастардың пікірін тыңдау маңызды.Кейде үлкендер шешімді өздері қабылдайды,ал жастардың ойы ескерілмей қалады.Егер жастардың ұсынысы тыңдалса,олар да белсенді болар ма еді
Қорытындылай келе,жастар мәселесі – тек жастардың ғана емес,бүкіл қоғамның мәселесі. Жастарға дұрыс бағыт берілсе, олар елдің дамуына үлкен үлес қоса алады. Болашақ жарқын болсын десек,бүгінгі жастарға көңіл бөлуіміз керек.Себебі ертеңгі Қазақстанды құратын – бүгінгі жастар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇