Эсселер ✍️

  12.02.2026
  42


Жасанды интеллект – адамға қауіп пе, əлде көмек пе?

Қазіргі таңда технологияның қарқынды дамуы адамзат өміріне жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа


сұрақтар да алып келді. Соның ішінде жасанды интеллекттің қоғамдағы орны ерекше


талқылануда. Жасанды интеллект (ЖИ) - адамның ақыл-ой әрекеттерін еліктеп орындай алатын


компьютерлік жүйе немесе бағдарлама.Біреулер оны адамға төнген қауіп деп қабылдаса, енді


біреулер адамзат дамуының сенімді көмекшісі ретінде бағалайды. Менің ойымша, жасанды


интеллект — адамға қауіп емес, керісінше, дұрыс қолданылған жағдайда үлкен мүмкіндік пен


қолдау көзі.


Біріншіден, жасанды интеллект адам еңбегін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі.


Медицина саласында диагноз қою, білім беру жүйесінде оқушылардың деңгейін анықтау,


өндірісте қауіпсіздікті бақылау, мұның барлығы адам мүмкіндігін арттыратын нақты мысалдар.


Ойымды нақтылау мақсатында "Care Mentor AI" бағдарламасын ұсынамын , Care Mentor AI — бұл


жасанды интеллектке негізделген технология, ол рентген, КТ, МРТ және маммография


нәтижелерін интерпретациялауға көмектеседі және ауруларды ерте анықтауды


жақсартады. Демек, бұл денсаулықтағы ақауды тез табуға жол ашады. Екіншіден, жасанды


интеллект ақпаратты жылдам өңдеу арқылы шешім қабылдауды тиімді етеді. Мысалы,


журналистикада деректерді талдау, статистика жасау секілді жұмыстарды тез орындауға


мүмкіндік береді. Үшіншіден, ол адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға жол ашады. Адам


күнделікті істерден босап, ойлау, талдау, жаңа идея ұсыну сияқты маңызды қызметтерге назар


аудара алады. Сонымен қатар, бүгін жасанды интеллектті қоғам дос ретінде де қолданады, олар


оған сұрақ қойып, шын өмірде айта алмайтын ойлармен бөліседі, ал ЖИ өз тарапынан құнды


көмек береді.


Алайда жасанды интеллекттің қауіп төндіруі оны жауапсыз әрі бақылаусыз қолданған жағдайда


ғана орын алады. Тәжірибелі программист Дуглас Крокфорд ЖИ жайлы "Мен Жасанды


Интеллекттен қорықпаймын, мені оны дұрыс қолдана алмау мазалайды" дейді. Сондықтан басты


мәселе технологияда емес, оны қолданушы адамда екенін ұмытпауымыз қажет. Жасанды


Интеллектпен жұмыс істегенде, оның "жасанды" екенін саналы түрде түсіну керек. Оның қате


нәтиже беру мүмкіндігін, адамгершілік қасиеттері мен ой-санасы жоқтығын мойындау, оны дұрыс


қолданудың алғашқы ережесі.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жасанды интеллект — адамзатқа қарсы емес, адамзатпен


бірге дамитын құрал. Оны тиімді пайдалану арқылы қоғамның сапалы дамуына қол жеткізуге


болады. Сол себепті жасанды интеллекттен қорқудың орнына, оны саналы түрде меңгеру —


бүгінгі заман талабы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу