12.02.2026
  18


Әлеуметтік желі: жастарға қауіппе әлде жетістік көзі ме?

Соңғы он жылда әлеуметтік желі қарқынды дамып жатыр. Әсіресе жастар арасында TikTok,Instagram,YouTube деген платформалар жаңа қарым-қатынас орнатып,жаңа ақпарат көзі. Алыстағы жақындарыңмен жүзбе жүз сөйлесіп,хат алмасып тіпті табыс табуға болады. Бірақ жастар арасында әлеуметтік желіге деген пікірлері әртүрлі. Бірі даму болашақ құрал десе,бірі денсаулыққа ой санаға төнген қауіп дейді. Бұл мәселені бір тараппен қарау қиын,сол себебті екі тараптыда терең талдап көрейік.
Ең алдымен әлеуметтік желінің жастарға беретін мүмкіндіктерін қарастырайық. Қазір таңда елдің қай жерінде бол онлайн білім алып,дами аласың. Түрлі тегін платформалар,пайдалы контентпен парақшалар - барлығы интернет көзі арқылы қолжетімді. Сонымен қатар әлеуметтік желі шығармашыл жастарға өз таланттарын көрсетуге жол ашады. Блогерлік,контент түсіріп,онлайн кәсіп жаңа мамандықтар соның нәтижесі. Бұл жастарға заман толқынымен өзгеріп дамуын көрсетеді.
Ал теріс жағына келсек ең ауыры уақыттың бақылаусыз кетуі. Тек жасөспірімдер ғана емес,үлкен кісілерде әлеуметтік желіде көп деген сағаттар мақсатсыз отырады. Ол біріншіден денсаулыққа кері әсер береді; түнде ұйқының бұзылуы, стресс, ойлау және есте сақтау қабілеттерінің нашарлауына әкеледі. Кітап оқуға деген қызығушылықтарын басады,өмірге деген көзқарастары өзгереді. Әлеуметтік желідегі “мінсіз өмір” ді көріп өз ін өзгелермен салыстыру- жас өспірімдердің өздеріне деген сенімсіздіктерімен, күйзеліске ұшырайтындары бар.
Келесі мәселелер ақпарат сапасы және тіл мәдениетті. Көп деген манипуляциялық,идеологиялық конттентерден жастардың кей біреулері ақпаратты сүзгіден өткізе алмайды. Нәтижесінде басқа жолға түсіп кету қауіппі бар. Жалған ақпараттар хакерлер арқылы тез таралып , мидан санаға қортылуы қиындап стресс болуы мүмкін. Бұндай жағдайда әлеуметтік желі тәрбиелік құралдан гөрі қауіпке көзіне айналады. Ал тіл мәдениеттіне келсек қазіргі таңда шет елдік тіркестер,қысқартылған сөздер - өз ана тілінің тазалығына нұқсан келтіреді. Жастар арасында әріптербі жатастырып жазатырдан саны көп. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, болашақта тілдік сауаттылық мәселесі ушығуы мүмкін.
Меніңше әлеуметтік желіні толық пайдалы немесе қауіпті деу дұрыс емес. Себебі ол адамның қандай мақсатта көруіне қарай болады. Егер дамығысы келіп, білім алса онда жарқын болашаққа қадам жасайды. Бірақ көңіл көтеріп уақытты бос өткізу мақсатты болса кері әсер болады. Бұл мәселені шешу тек жастар кінәлау жеткіліксіж. Балаларға телефонды дұрыс мақсата , уақыт шектеумен пайдалануды үйрету керек. Сонда шынайы өмірмен виртуалды өмірдің арасын біледі.
Қорытындылай келе, әлеуметтік желі қазіргі қоғамның айнасы. Ол жастарды дамытатын құрал да, кері әсер ететін фактор да бола алады. Барлығы адамның саналы таңдауына байланысты. Егер біз әлеуметтік желіні бақылаусыз қалдырмай, оны дұрыс бағытта қолдансақ, ол қоғамның дамуына қызмет етері сөзсіз.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу