Өлеңдер ✍️

  21.12.2025
  245


Автор: Ерлан Ахмет

Қазақтың асылы

(Таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, Қазақстанда таеквондо федерациясының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке арналады)

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,


"Ата-бабам қимай кеткен елім" деп!


Тағдырымен таңғалдырған тарланның


Таңбасы бар атамекен жерінде.


 


Адамзат таңына


арнаған табысын.


Адалдық, Арына


қайраған намысын.


Мұстафа Өзтүрік -


Жаңа Күн жасыны!


Мұстафа Өзтүрік -


Қазақтың асылы!


 


Салауатты күнге ұран тастады,


Тамсандырып егемендік жастарын.


Сенім мен Рух мектебінде ұрпақты


Саламатты болашаққа бастады.


 


Отаншылдық оты жанған көзінде,


Өзінде бар, өжеттігі - сөзінде.


Еміренген есіл ердің есімі -


Елжіреген жүректерде, сезімде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу