Эсселер ✍️
Телефонның адам өміріне әсері
Бүгінгі күні ұялы телефонсыз жүрген адамды көру мүмкін емес. Смартфон адам өмірінің бір бөлшегіне айналғандай. Өмір есігін жаңа ашқан сәбилерге дейін таң атқаннан,кеш батқанға дейін телефон қараумен уақыт өткізеді. Ұзақ уақыт бойы телефонға телміру адам өміріне қалай әсер етеді?
Бұл жағдайды беймәлім деуге келмес.Себебі, өсіп келе жатқан ұрпақтан қандай әсер беретінің байқауға болады. Көбінесе ата-аналардың жіберетін басты қателігі, баласының тыныш отыруы үшін қолыңа телефон ұстатып қоюы. Бұның арты есту, көру, сөйлеу қабілетінің нашарлауымен аяқталады. Гарвард университетінің зерттеушілерінің айтуынша "көк жарық көздің тор қабығын зақымдайды, соның салдарынан көру қабілеті нашарлайды ". Ал, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы әлемде 1,1 миллиард жас адам құлаққап арқылы қатты дыбыс тыңдау салдарынан есту қабілетін жоғалту қаупіне ие деп ескертуде. Бірақ бұл ақпараттарды көре тұра құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Денсаулық адам өміріндегі ең басты байлық екенін ешкім ұғынар емес. Дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз, дегенменде, бұрынғы қалыпқа қайту өте қиын. Бір сәттік тыныштық ,арқамызға мәңгілік ауыр жүк болып тиюі мүмкін.
Сонымен қатар, балалар арасында кең тараған мәселе – сөйлеу қабілетінің кешеуілдеуі.Шыныменде бүгінгі күні логопед ,дефектолог мамандарының табалдырығын тоздыратын ата-аналардың саны аз емес. Ғылыми зерттеулермен дәлелденбегенімен бұл сұрақтың жауабы балалардың ерте жастан телефонға үйір болуы секілді.
Қорыта айтқанда ,баланың есту,көру, сөйлеу қабілетінің дамуын қолдау үшін ,экран уақытын шектеп, ата-ана-бала қарым- қатынасын жақсартқанымыз өте маңызды. Смартфонның пайдасы мол, бірақ оның зияны да аз емес. Бала кезінен көгілдір экранға үйір болып өскен ұрпақ тек технологияны меңгеріп қана қоймай, өз денсаулығы мен қарым-қатынас қабілетін де құртып алу қаупі бар. Сондықтан әр ата-ана балаларын тек технологиямен таныстырып қана қоймай, оларға шынайы өмірдің ләззатын сезінуге, сөйлесуге, ойлануға мүмкіндік беруі керек.
Батырханова Назерке Ертайқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇