Эсселер ✍️

  25.11.2025
  25


Автор: Назерке Батырханова

Жақсы кітап - жан азығы

Кітап - адамның жан дүниесін жоғарыға жетелейтін бірден-бір күш. Менің ойымша, кітап оқитын тұлғалардың өмірлік қағидасы өзгелерден ерекше. Тұла бойы тұнып тұрған ақыл, алға жылжуды басты мақсат ететін, өзіндік ойы бар интеллигент.


 Кітап - шешімі табылмайтын жүрген мәселеміздің жауабы сақталатын орын. Мәселен қазіргі заманның басты мәселесі күйзеліске ұшырау. Көбіне көп адамдар психологке жүгінуді дұрыс шешім деп қабылдайды. Шын мәнінде жүрек тыныштық табатын орын - жақсы кітап. Әлемге танымал жазушы Дейл Карнегидің психологиялық жанрда жазылған кітабын оқығанымда өмірге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Себебі,біз құрастырып алып жүрген қорқыныш сезімі, ақыр соңында құлдырауға әкеліп соқтыратынын ұғындырды. Демек біз көбіне бетін аша бермейтін кітап, адам өміріне жаңа серпіліс беретін құнды құрал. Сол үшінде өзгерісті алыстан іздемей, жанымызға жақын бағытты таңдап, көкжиегімізді кеңейткеніміз жөн.


  Қорыта айтқанда, кітап оқу - жай ғана оқу емес, дертімізге шипа табу. Сонымен қатар, мұғайғанда да, қуанғанда да бірге болатын сенімді серік. Сол үшінде атадан балаға мұра болып қалған кітап, жай ғана кітап емес, өмірлік тәжірибе. Себебі жақсы кітап - жан азығы.


Батырханова Назерке Ертайқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу