Өлеңдер ✍️
Есейткен еркем
Күндерім бір сарынды күңгірт өмір,
Сен келіп бояғансың оны түрлі түске,
Көргім келіп өздігімнен басқа өңір,
Кездестіргем өзіңді өзге төсте.
Қызық сезім, бұрын-соңды сезінбеген,
Бұрын былай жүрегім жеңілмеген,
Таңғажайып тағдырдың жолын ашып,
Бұл бір тарих бастауы кезі ме екен?
Естен кетпес алғашқы көрген күнім.
Естен кетпес жол жүрген сол бір түнім
Тіл қатуға, сөз бастауға арым бармай.
Сөз бергенмін (өзіме) "табамын сені бүгін"
Мың ойланып, өзім жаққам алғаш отты
Таң қалғаным естігем жоқ сенен жоқты
Алғаш қадам, жат болған амалымнан
Сол күннен міне бүгін екі ай өтті.
Күндер өтіп, сенімсіз тіл қатысып,
Сауал таппай, өзімнен сөз шатысып,
Соңы сәтсіз көрінген тіл қатысу,
Тұманы сейілгендей күн батысып.
Әр кездесу болғандай маған сынақ,
Құдды бір жатқандай мені сынап,
Келеңсіз оқиғалар толы болған,
"Нышаны не екені" менде сұрақ.
Бұл мүмкін салғырттықтан туындаған
Сабақ болған, пайдасы мол бұның маған
Көште жүріп түзелген, менде солай
Қатесіз еш бір адам туылмаған.
Бір өзіңді көру маған қандай бақыт,
Сол сәттерде бар әлемім гүлге батып,
Менің көзім сенікімен түйіскенде,
Шын тіледім қалса екен тоқтап уақыт.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇