Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.11.2025
135
Күдік VS Үміт
Жас жүрек өртенді күдікпен күйіп,
Артып ем ғашық боп үмітпен сүйіп.
Байланып сағаттың тіліне тыныш
Ерніңнен тұрып ем мен кешке сүйіп.
Бақыттың бал дәмін орнатып жүрекке,
Бір кеште не болды тығатын түнекке.
Күдігім сергелдең шындыққа айналып
Үміттің үзіп тұр жіптерін түн неге.
Көрпесі сезімнің бұл түнде былғанып,
Не деймін суық ой кетермін жынданып.
Күдікке тұншығып, үмітке жол ашып
Пәк жүрек шетінде тағдырдың тұр налып.
Опасыз сезімнің болыппын ермегі,
Ал одан жылы сөз жоқ енді, келмеді.
Үміттің сөндіріп мен жаққан шырағын
Бейкүнә жүрегім тек үнсіз көнеді,
(Әлде оған… осы еді керегі.)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter