Өлеңдер ✍️

  14.11.2025
  158


Автор: Камал Ұзақ

Он екі ай.

Қаңтарда.


Түн ұзақ тым, ғашық болған жандарға.


Сені іздеп атырдым, ақ періштем,


Түнді жалғап таңдарға.


 


Ақпанда.


Түніменен кірпік ілмей жатқанда.


Мен сені іздеп жүрмін, ақ періштем,


Қара түн мен ақ таңда.


 


Наурызда.


Сенсіз өткен күндердің бәрі қысқа.


Өзіңді аңсап періштем, толып кеткен,


Жүрегім сағынышқа.


 


Сәуірде.


Сенен артық жан барма екен өмірде.


Сені іздеуден шаршамаймын періштем, 


Өзің ғана көңілде.


 


Мамырда.


Іздеп жүріп бітер бір күн - сабыр да.


Бұрынғыдай іздемесем егер де,


Ашулы деп қабылда.


 


Маусымда.


Сенің ғана атыңды айтып жар салып.


Мен өзіңді іздеген де, басқалар,


Қарап тұрды тамсанып.


 


Шілдеде.


Сені іздедім күндізде де, түнде де.


Сағыныштың кермек дәмін татқызып,


Үндемесең - үндеме.


 


Тамызда.


Ғашықтардың жүрген жолы аңыз ба.


Сонша неге әуре қылдың, бәрібір,


Айналмаймыз аңызға.


 


Қыркүйекте.


Ғашықтар жолы солай тұңғиық де.


Іздеп сені таппауым күйік болса,


Шыдаймын бұл күйікке.


 


Қазанда.


Ұнатпасам саған өлең жазам ба.


Іздей беріп өзіңді ақ періштем,


Кетті менің мазамда.


 


Қарашада.


Табыспай жүрген бізге жарасама.


Өзің іздеп келші енді, сөйлесейік,


Кездесіп оңашада.


 


Желтоқсан.


Екеуміздің табысуды ел тосқан.


Қаншама күн, қаншама ай іздедім,


Сағындырмай жүрегіме кел тосқан.


Екеумізге қарап тұрып десін ел,


Тәңір өзі бұл екеуін тең қосқан.


 


©Камал Ұзақ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу