Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.10.2025
722
Қарындасыма
Иығыңа төгілген қара шашың,
Қара шашты байыппен тарағансың.
Құлақтағы сыңғырлаған екі сырғаң,
Қоңырау болып қалыпты жел тұрғасын.
Қап-қара түнек болған қара қасың,
Қасыңды көтерумен қаратасың.
Қасыңды сүйемелдеп қос жанарың,
Көзіңді қысумен қаратасың.
Ауламдағы өсіп тұрған бүлдіргенім,
Бүгін пісіп, бүршікті жарып апсың.
Бұрындары «бала ғой» деп ойнаушы ем,
Бүгінде мына өмірге жарап қапсың.
Өсіп қалыпсың, қарындас, өсіп қалыпсың,
Сен бірақ мына өмірден не ұғасың?
Шашыңда өрілген ақ бантигің,
Ақ пейіл боп ешқашан қараймасын.
Саған үміт артып отыр ата- анаң)
Басыңа сірә бақ қонар
Үміттерін ақтағансоң)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇