Өлеңдер ✍️
Киініп ал (2)
Миға тыным жоқ, ойлана береді,
Миға тыным жоқ, айнала береді.
Қараңғы көңіліңе күн керек
Қураған бағыңа гүл керек
Оны кім береді саған?
Маған қарама!
Барам десем саған, жол алыс емес
Қол жетпейтін ғарыш емессің,
Сен төменсің.
Сен өзіңді өзің көз алдымда көмгенсің,
Сен түнексің, өлгенсің.
Сен шырпы сияқты лап етесің,
Сөнесің!
Қ/СЫ
Тағдыр солай жазғаны, қайтеміз өткенді,
Қимайды жүрек сені, босқа қинадың мені.
Қоштасамын енді мəңгі өзіңмен
Жүрегімде өзге бақытты содан сезем!
Өзегің өртеніп баратса да елемеспін!
Жаураған жаныңды да жылытатын мен емеспін.
Қорғаның боп жүрген кезде ойлану керек едің
Сенім артуға болмайд, өзіңнен үйренгенім.
Бірақ, сүйгісі келе береді сүйген ерін,
Жолыққанда қайтадан, неге сөйлемедің?
Неге таныстырдың бір түрлі күйге мені?
Бір түрлі күйге мені сүйреледің.
Сен төменсің, барсам батып кетем
Жүрегің сатқын, мені сатып кетед
Сенімділік танытпай, өтірік күліп қарап
Ойлайсың ба мені сені ойлап өліп барад?
Ей, өскен қыз! Мені түсініп қарашы.
Менің ішіме кіріп қарашы!
Ойымның бәрі үйі ішімде
Ал сен жүрсің мына өмір не үшін деп.
Қ/СЫ
Тағдыр солай жазғаны, қайтеміз өткенді,
Қимайды жүрек сені, босқа қинадың мені.
Қоштасамын енді мəңгі өзіңмен
Жүрегімде өзге бақытты содан сезем!
Миға тыным жоқ, ойлана береді,
Миға тыным жоқ, айнала береді.
Қараңғы көңіліңе күн керек
Қураған бағыңа гүл керек
Оны кім береді саған?
Маған қарама!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter